"Тәлім" жас мамандар мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы жұмысының жылдық есебі » Средняя школа М.Ауэзова
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Тәлім" жас мамандар мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы жұмысының жылдық есебі
20
июль
2022

"Тәлім" жас мамандар мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы жұмысының жылдық есебі

Жас мамандардың алдына қойған мақсаты шәкірттердің оқуға деген ынтасын арттырып, білімді, ізденімпаз, талапты азамат етіп тәрбиелеу. Сондай – ақ ұстаз деген ұлы есімге лайық болу. Жақсы шәкірті бар, саналы азамат тәрбиелеуде ерінбей еңбек етуге лайықты жалынды жастар біздің мектебімізде де еңбек етуде.
2021-2022 оқу жылында 5 жас маман болды, оқу жылының ортасында 2 маман келіп қосылды. 1 математик маманымыз декреттік демалысқа шықты.
Мектепке келген жас мамандар алдымен мектеппен, ұжыммен танысты. Тәлімгер – жетекшілер тағайындалып, жылдық жоспар бойынша жұмыс жасалды. Жас маманның өзінің және тәлімгер – жетекшісінің жоспары жасақталды. Тәлімгерлікке тәжірибелі, аға буын ұстаздар тағайындалды.
Тәлімгерлер мұғалім портфолиосын жасауға, күнтізбелік және сабақ жоспарын және өзіндік білім көтеру жоспарларын жасауға бағыт-бағдар берді. Іс – қағаздар, журнал толтыруға әдістемелік және жетекшілік көмек беріп отырды.
Сонымен бірге, жас мамандардың өз сабақтарына, әріптестерінің сабақтарына сараптама жасап үйренуіне көмек көрсетілді. Тоқсан сайын сауалнамалар жүргізіп, қиындық келтіріп жүрген мәселелері бойынша өзара пікірлесіп, шешімін табу көзделіп отырылды. Жас мамандармен өтетін отырыстарда баяндамалар жасалып, заман талабына сай оқытудың қандай тиімді тәсілдерін қолдану керектігі үйретілді.
Жас мамандар отырысында жылдық жоспармен таныстырылып, жоспарланған істері туралы мәліметтер беріп, жан-жақты таныстырып өтті.


Жоспарға сәйкес әр-түрлі шаралар жыл көлемінде өткізіліп отырды. Осы жұмыстарды бірлесе жүргізу барысында тәлімгер мен жас маманның арасындағы қарым-қатынасы нығайып, сенімділік пайда болады. Сонымен қатар жас мамандар түрлі жұмыстарды ұйымдастыруға бейімделеді.
МАД -та ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру
Қазан
практикалық әдістер мен тәсілдерді қолдану Байқадамова А.Д
Қайнолдина Ф.
Кері байланыс беру арқылы педагогтің сабақтарына қатысу (айына 2 реттен кем емес);
Жас мамандардың сабақтарына психологиялық талдау жасау, көмек беру Жыл бойында Қолайлы психологиялық орта орнату

Тәлімгерлер, Психологтар,

Бастауыш сыныптарында зерттеу жұмыстарын жүргізе білу және ұйымдастыру. Қараша Әдістемелік семинар Изетова А.М.
Әбітаева І

Білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын таңдау
Қаңтар


Коучинг Коканова Г.Т.
Ибраева Ж.Ө


Сабақтар барысында оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толықтыру(ішкі және сыныпаралық интеграция). Сәуір Кәсіби әңгімелесу Молдаханова З.Д.
Ишімбаева А.

Жас мамандар Сарапшы-педагогтар ұйымдастырған көрмемен танысып, өздеріне қажетті әдіс-тәсілдерді үйреніп, пікір алмасты. Жас маманар мен тәлімгерлер әріптестері алданда өз тәжірибелерімен бөлісуде
Жас мамандар "Блум таксономиясы сабақта" деген тақырыпта ұйымдастырылған сайысқа қатысып, өз
білімдерін шыңдай біліді.
Жас мамандар апталығы 25.04-3.05 аралығында өткізілді.
№ Іс-шара мазмұны Өтетін орны Мерзімі,
Уақыты Жұмыс түрі Жауапты
1 Апталықтың ашылуы
Мұғалімдер
бөлмесі 25.04 Сергіту сәті "Бізбен бірге билеңіз!" Жас мамандар, тәлімгерлер
2 "Логикалық пауза" 18 каб 26.04 Логикалық ойындар Ишімбаева Ақмарал
Тоқтаубекова Айдана
3 "Ағылшынша білесіз бе?" 37 каб 27.04 Сайыс Ибраева Жанерке
Мұхамадиева Шырын
4 "Ойна да, ойлан" 2 каб 28.04
10:40 Бастауыш сынып мұғалімдерімен сайыс Әбітаева Іңкәр
Қайнолдина Фариза
5 "Мен және менің әріптестерім" Психолог каб 29.04
сағат 11.00 Тренинг Психолог
6 "КВЕСТ" 29. 04
15.30 Интеллектуалды сайыс Молдаханова З.
Байқадамова А.
Исекенова А.
Байбосынова З.
7 «Тимбилдинг» АКТ залы 30.04 Түрлі ойын жаттығулары Тәлімгерлер :
Даулетбекова С.Д.
Изетова А. М.
Қоқанова Г. Т
8 "Үздік жас маман" 22 каб 3.05 Шығармашылық сайыс Ботабаева Г.М.
Даулетбекова С.Д.



Апталық "Бізбен бірге билеңіз" делініп, сергіту сәтінен басталды, сонымен қатар әріптестерді апталық жоспарымен таныстырдық.

Алғашқы "Логикалық пауза" деп аталған іс-шараны өткізген, оқушылардың химия және физика пәндеріне деген қызығушылығын оятқан жас мамандар А.Тоқтаубекова мен А.Ишімбаева болды. Сайыс 5 кезеңнен тұратын ойындар мен тапсырмалардан құрастырылған, топтық жарысты бағалаушы тәлімгерлер Молдаханова З.Д. және Байқадамова А.Д. болды.

Ағылшын тілінен келген жас мамандар Ж. Ибраева және Ш.Мұхамадиева "Ағылшынша білесіз бе?" деген сайыс өткізді. Бұл сайысқа Мұғалімдер мен оқушылардан құрылған топтар қатысып, өз білімдерін сынауға мүмкіндік алды. Сайыс білімдерін бекітуге, тексеруге құрылған. Сайысқа қатысушылар өте белсенді жұмыс істеді. Қатысқан мұғалімдерге, оқушыларға сайыс өте ұнады. Топтардың жұмысын бағалаушы ағылшын тілі пән бірлестігінің жетекшісі Байбосынова Зауре болды.
Үшінші өткізілген іс-шара мектеп алды дарлық тобының муғалімі Ф.Қайнолдина мен бастауыш сынып мұғалімі Әбітаева Іңкәрдің "Ойна да ойлан" деп аталған сайысы. Бұл сайысқа оқушылардан құрылған екі топ қатысты. Әр түрлі әдістерді қолданып өткізілген бұл сайыс өте қызықты болды. Бірнеше бастауыш пән мұғалімдері келіп қатысып, екі мұғалімнің жұмысына оң баға берді.
Апталық ішінде мектеп психологі Тәбарак Зейнептің ұйымдастыруымен өткізілген "Мен және менің әріптестерім" тақырыбындағы жас мамандарға арналған тренинг болды. Бұл тренингке келген жас мамандар және мұғалімдер өздеріне жақсы көңіл-күй сыйлады, тренинг жағымды атмосферада өткізілді. Әріптестер бір-біріне біршама жақындасып, бірін-бірі тани түсті. Тренинг бәріне ұнады.
Келесі кезекте тәлімгерлер Молдаханова З, Байқадамова А, Ағылшын тілі пән мұғалімдері Байбосынова З, Рхимова Ш. және Исекенова Айнагүлдің ұйымдастыруымен "КВЕСТ" ойыны өткізілді. Бұған жас мамандар және оқушылардан құрылған үш топ қатысты. Үш топ та өте белсенді болды.
Сондай ақ қарым-қатынасты нығайтып, сенімділік орнату үшін өткізілген "ТИМБИЛДИНГ" ойындары жас мамандардың ашылуына, өзін көрсете білуіне ықпал етті. Тәлімгерлер Изетова Арай және Даулетбекова Сая дайындаған тапсырмаларды жақсы орындап, сосын Жақып ағайдың дайындаған спорттық жарысына да қатысты. Осы жұмыстардың барлығы өте керемет деңгейде болды. Және қатысқан ұстаздар, жас мамандар кері байланыс кезінде өздерінің ризашылықтарын айтты.
Апталықты қорытындылау барысында өткізілген "Үздік ЖАС МАМАН" сайысы өте жоғары деңгейде өткізілді. Бұл жерде барлық жас маман өзін толық таныстыруға, өз шығармашылығын көрсетуге, өз бойындағы бар ерекше қасиеттерін, өнерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - мектеп алды дарлық тобының муғалімі Ф.Қайнолдина
Бірінші орын - ағылшын тілі мұғалімі Ж. Ибраева
Екінші орын - бастауыш сынып мұғалімі Әбітаева Іңкәр,
физика пән мұғалімі Тоқтаубекова Айдана
Үшінші орын - ағылшын тілі мұғалімі Мұхамадиева Шырын
химия пәнінің мұғалімі Ишімбаева Ақмарал иеленді.
Бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға болуына мектеп ұжымының да ықпалы зор. Сондықтан, жас мамандарды тәрбиелеп, жақсы ұстаз деңгейіне дейін көтеруге атсалысайық.