07
октябрь
2021
Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған ««Кел, балалар, оқылық ...» апталығы
ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің"М.Әуезов атындағы орта мектебі"КММ Мектебімізде 27.09-03.10 аралығында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған ««Кел, балалар, оқылық ...» апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты ұлы ұстаздың өмірі мен шығармашылық, қайраткерлік еңбегін жете таныстыру болды. Апталық барысында келесі жұмыстар атқарылды. 27.09-03.10 аралығында мекеп кітапханасында «Кел, балалар, оқылық» атты көрме қойылды. Көрмеде Ы.Алтынсарин шығармашылығы жинақталған кітаптар қойылып, оқушыларға таныстырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, шебер-педагог Коканова Г Т 5-11 сынып оқушылары арасында «Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқиық!..» айдарымен мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Сайысқа 6,7,8,10 сынып оқушылары белсене қатысты. Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Кобланова Л К гугл формада 5 -11 сынып оқушыларына. Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын қамтитын тест сұрақтарын ұсынды. Бұл тапсырманы орындауға жоғарыдағы сыныптардан 59 оқушы қатысып, өз білімдерін көрсете білді. (Зhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScmBjkTrAlX9rRMXD1rCDvOgtsMoCUWpn0Ws8j47WXjvOccNA/viewform?usp=sf_link). Зерттеуші –педагог Сейтенова Г.З мектеп кітапханасында «Дала қоңырауы» атты сыныптан тыс шараны өткізді. Шараға қатысушы оқушылар Ы Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен қатар, алғашқы ұстаз ретінде еңбегімен танысты. Зерттеуші- педагогтер Даулетбекова мен Кобланова 5,6 орыс сыныптарында "Жарық жұлдыз атанған адам" атты сыныптан тыс оқу өткізіп."Жас маман - 2021" сайысы өтті.