Сабақты зерттеу мектеп тәжірибесінен » Средняя школа М.Ауэзова
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сабақты зерттеу мектеп тәжірибесінен
20
июль
2022

Сабақты зерттеу мектеп тәжірибесінен

Қазіргі әлем үшін негізгі қозғаушы күш – білім, жаңа технологияның жетістігі, соңғы ақпаратты меңгеру. Сапа білім берудің бәсекеге қабілеттілігінің негізі ретінде танылады, қолжетімділік пен ұтқырлықпен қатар ол 21 ғасыр білім беру стратегиясының негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Білім сапасын қамтамасыз етудің негізгі буыны – тікелей оқытушы, жоспарлау және сапаны арттыру – ғылыми-әдістемелік бөлімдер, сапаны бақылау – жетекшілік ететін директордың орынбасары. Шындығында, білім сапасын бақылаудың бірден-бір процедурасы – жыл сайынғы үлгерім қорытындылары. Дегенмен, бұл қалыптасқан дәстүрлі құрылым ең алдымен нарық талаптарына емес, стандарттарға сәйкестік деңгейіне жетуге бағытталған.
Білім беру үдерісінің сапасына әсер ететін факторлар:
- Педагог тек білімді ғана емес, тәжірибені, дағдыны, өмірлік ұстанымды беретіндіктен, үдерістің негізі болып табылады.
- Білім алушы – білім мен білім көзін қатар меңгеру.
- Мектеп ортасы, оның ішінде ақпарат, оқу мен өмір сүру ортасы.
- Сыртқы ортаның өзгерістеріне оқу үрдісін зерделеу және жедел әрекет ету.
- Сабақты зерттеу – білім сапасын көтерудегі ең тиіміді педагогикалық тәсіл.
Бүгінгі таңда мектепте білім алушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізу оңай болмай тұр. Өйткені қазіргі балалардың цифрлы құзыреттілігі өте дамыған. «Z ұрпақтар» деп аталатын жаңа заманның балалары. Олар бәрін біліп тұрсада, тез интернеттен қолжетімді мәліметті алып, жауабын таба салуды қалайды, ойланғысы келмейді, олардан мұғалім білімді, білікті жан-жақты қаруланған болмаса білім алуға қызықпайды. Қызығушылық төмендесе баланың білім алуға құлқы азаяды. Сондықтан осындай өзекті проблемадан білім сапасының төмендеуі мектебіміздің кейбір сыныптарында байқалды. Осы өзекті мәселені түбегейлі қалай жоюға болатынын түсіндік. Яғни, әр мұғалім іс-әрекетті және сабақты зерттеу керектігін. Мектептің 2021-2022 оқу жылының өзекті тақырбын «Іс-әрекетті және сабақты зерттеу арқылы білім алушыладың функционалдық сауаттылықтарын дамыту» .
Мектепте сабақты зерттеу курстарын аяқтаған 5 мұғалім әдістемелік кеңесте бұл тәсіл не үшін қажет және қалай ұйымдастыруға болатынын айқындап ұжымға жеткізіп. Бірлесе, кеңесе жұмыс жасау арқылы білім сапасын көтеруге болатынына сенімді болдық. Сабақты зерттеу жұмысын ұйымдастыруда ең бірінші мектеп бойынша сапа көрсеткіші ең төмен сыныптар таңдалды. Бірінші жылы 2 топ сыныптармен жұмыс жүргізсе, екінші жылы 4 топ, үшінші жылы 5 топ жұмыс жүргізді. Сонымен қатар, мектептегі деңгейлік курс аяқтаған ұстаздарды осы үдеріске жұмылдыру арқылы биылғы оқу жылы 7 топ жұмыс жасады. Бір сыныпта сабақ беретін әр түрлі пәндердің ұстаздары бірлесе жұмыс жүргізді. Әр топтың өз проблемасы болғанымен негізнен оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру. Сабақты зерттеу тәсілін қарастыруға алайық. Мысалы, 8 «а» сынып оқушыларының сабақтағы белсенділіктерінің төмендігі, оқуға деген қызығушылықтарының жоқтығы байқалды. Сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, информатика, алгебра пәндерінің мұғалімдері топтасты. Бұл сыныптағы сабақты зерттеу проблемасы «Саралау тәсілдері арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын зерттеу» деп алдық. Топ мүшелері бір сыныпта сабақ беретін болғандықтан мақсатты айқындау қиын болған жоқ. Мақсатын «Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін саралау тәсілдерін таңдап алу, оның оқушыға әсерін бақылау» деп ала отырып, зерттеу сабақтарын жоспарлаудың І деңгейлі, «Мектеп тәжірибесіндегі зерттеу» мектеп тренерлерінің курсын аяқтаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-шебер мұғалімі Қоқанова Г.Т. міндеті топтық отырыстарды өткізуге ықпал ету болды. Жоспарлауды топтық кездесу кестесін және сабақтарын өткізу кестесін жасау тапсырылды. Әсіресе оқушылардың басым бөлігін сабаққа тарту үшін саралау тапсырмалары көптеп алында. Яғни, топ мүшелері білім алушылардың пәндерге деген қызығушылығын ояту үшін қолжетімді тапсырмаларды орындатуға бағыттады. Жеңілден қиынға қарай құрылған тапсырмалар білім алушыларды жалықтырмай сабаққа тартуға ықпал етті. Информатика, математика пәндері оқушыларға қиынға түсіп жүргендіктен бұл сабақтар өткен соң кері байланысты талдау жасау деңгейлі тапсырмлар көбірек алынды, сонымен бірге дайын сызба, кесте, есеп үлгілері, алгоритм қолдану арқылы тапсырмалар берілді. Информатика, алгебра сабақтарында өткен сабақтарда берілген кері байланыс негізінде жаңа сабақтың басында әр түрлі мәселелерге тоқталу өте сәтті болып оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын тудыра білді. Информатика сабағында 20 оқушының 45% көмек қажет, 30% мен бәрін түсіндім, 25% мен бәрін түсіндім басқаларға үйрете аламын деп жауап берді. Ал алгебра сабағында 20 оқушының 40% көмек қажет, 50% бәрін түсіндім, 10 % мен бәрін түсіндім басқаларға үйрете аламын деп жауап берді. Жалпы сабақ соңында мұғалімдер де білім алушылар да кері байланыстың маңыздылығын түсінді.
Ал қазақ тілі мен орыс тілі сабақтарында айтылым мен жазылым дағдыларын жетілдіруге арналған саралау тапсырмаларының алынуы ескерілді. Сабақ жоспарлағанда мұғалімдер әр түрлі деңгейдегі білім алушылардың деңгейлік тапсырмаларын орынды қолдануына назар аударылды. Мысалы, қазақ тілі сабағында «Сарқылмайтын табиғи ресурстар» тақырыбында он бес сөйлем ғана емес жинақы мәтін жаза алуға жетті. Зерттеу сабақтарынан кейін әр түрлі деңгейдегі білім алушылардан «Осы сабақтан саған бәрінен де не ұнады?», «нені жақсырақ орындай алдың?», «қай тапсырма қызықты болды?», «қандай тапсырма саған қиын немесе күрделі боып көрінді?» т.б. сауалдарға жауап алу арқылы кемшіліктерімізді, жақсы тұстарымызды анықтауға тырыстық. Білім алушылардың шынайы және нақты жауап беруіне жағдай туғызылды. Зерттеу сабақтарынан кейінгі талдаулар барысында білім алушылар жауаптары назарда ұсталынып жан-жақты талдау жүргізді, сыни түрде ойланып өз ойын ортаға салды. Бұл жұмыс келесі сабақ жоспарын құруға көп ықпал етті
Сабақты зерттеу мектепте ұйымдастырылғанда «не жақсы өтті?» «нені жақсартуға болады?», «бұл сабақтан нені күтуге болады?» Мұғалімдер сабақты зерттеу үдерісінің соңында рефлексиялық есеп пен іс-әрекеттегі зерттеу бойынша сараптамалық есеп жазады. Сабақты зерттеуде бірлесіп құрылған сабақ жоспары сабақ өткізу барысында үш түрлі деңгейдегі білімі бар оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді. Үш түрлі оқушыны бақылау арқылы тапсырмалардың тиімді не тиімсіз алынғанын анықтайды. Сабақты зерттеу тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:
- Мұғалімнің іс-әрекеті әдеттегіден қарағанда анағұрлым ашық, әріптестер бірлесе егжей тегжейлі сабақты талдап талқылайды және оның дәлелін көреді;
- Оқушының пікірін мұғалімдер ескере отырып сабақты жоспарлайды;
- Өткен сабақтағы тиімсіз тапсырмаларды қайта түзетуге мүмкіндік бар;
- Мұғалімдер оқытудың нәтижесінде білім алушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандырады;
- Үлгерімі төмен оқушыларға жеке мән беріледі. Оларға мүмкіндіктерін ескере отырып тапсырмалар жасақталады.
Сабақты талқылау кезінде топ мүшелері дәстүрлі талқылаудың айырмашылықтарын айқындады: ашық сабақтарды талдаудан зерттеу сабақтарын талдау тиімділігін байқалды. 8 «а» сыныбының зертеу сабақтары бойынша салыстырмалы мониторингі, әр түрлі деңгейдегі оқушылардың білім сапасының өзгеру диаграммасы құрылды. Қорытындылай келе, сабақты зерттеу әдісі білім алушылардың оқуын жақсарта отырып, педагогтерге бірге проблеманы айқындауға міндеттер қоюға, бірлесе отырып жоспар және тұрақты түрде бір бірінен үйренуге мүмкіндік берді. Сабақты зерттеу кезінде саралау тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалай арттыруға болатынын білдік. Сыныптың білім сапасы 0% -дан 28% -ға өсті. Мұғалімдер кәсіби шеберлігі мен әдіс- тәсілдерін жетілдірді, бірін бірі оқытты, үйретті. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері педагогикалық, әдістемелік кеңестерде қарастырылды.
Мектеп мұғалімдері сабақты зерттеу әрекетінің тиімділігін атап пәндік онкүндікте ашық сабақтарын жоспарлауды жеке жоспарламай, топтаса бірлестік ішінде бірлесе талқылап, құруды жөн санады. Жоспардың тиімді құрылуына бүкіл бірлестік мүшелері өз үлесін қосып білім алушыларға сапалы білім беру керектігін топ мүшелері сараптамалық есептерінде атап өтті.


Похожие публикации:

12 октябрь 2021 "Миф" апталығы
01 октябрь 2021 Алтын күз