01
август
2022
«Ұлт шамшырағы –Ыбырай Алтынсарин» облыстық шығармашылық байқау (эссе жазу) қорытындысы
Қоғамдық маңызы бар, ғылыми-зерттеу және ағарту іс-шараларының жалпы республикалық жоспарын іске асыру шеңберінде жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру, одан әрі кәсіби өсуі үшін жағдай жасау , педагогтердің инновациялық белсенділігін дамыту мақсатында жүргізілді. Байқаудың міндеттері: талантты жас педагогтерді анықтау; педагогикалық еңбектің беделін арттыру; жас педагогтердің инновациялық идеялар мен қызмет түрлерініз деуге уәждемесін дамыту. Байқауға 1-3 жыл аралығында еңбек өтілі бар барлық пәннің қызметкерлері қатыстырылды. Мектепте қызмет істеп отырған осы аталған талапқа сай еңбек өтілі бар жас мамандар мектепішілік сайысқа қатысты. Жазылған эсселерді тексеруге әділқазылар алқасы құрылды, олар қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің педагог – шебер мұғалімі Г.Т.Коканова, қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің педагог – зерттеуші мұғалімі Г.З. Сейтенова, орыс тілі мен орыс әдебиетінің педагог – зерттеуші мұғалімі А.К. Исекенова. 1 жылдан 3 жылға дейін жұмыс істеп жүрген 5 маман қатысып физика пәні мұғалімі Тоқтаубаева Айдананың, ағылшын тілі мұғалімі Ибраева Жанерке Өмірсерікқызының және МАДС тәрбиешісі Кайнолдина Фариза Кайдарханқызына жұмысы облысқа жіберілді. Онлайн –форматт өткен байқаудың бірінші сатысына 2022 ж. 24 наурызда эсселер жіберілді. Шығыс Қазақстан білім басқаhмасының «Шығыс» өңірлік орталығынан Сертификат келді.