22
июль
2022
«Педагогикалық идеялар фестивалі» сайысы нәтижесі
«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізу Ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген. Фестиваль қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтерге бағытталған. Фестивальдің мақсаты: педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Педагогтердің кәсіби шеберлігін көтеру, білім беру кеңістігін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, озық педагогтердің тәжірибелерін анықтау және тарату, педагог мамандығының оң имиджін қалыптастыру, орта білім беру жүйесін жаңғыртудың және тәжірибе алмасудың өзекті мәселелерін талқылау үшін пікірталас алаңдарын құру, жаңашыл мұғалімнің құрылымдық моделін әзірлеу міндеттерін негізге ала отырып, «Педагогикалық идеялар фестивалі» сайысына мектеп мұғалімдерін жылда қатысуына ықпал жасаймыз. Соңғы 5 жылда әр түрлі бағыттарына қатысып, 2017-2018 оқу жылы аудан бойынша 6 мұғалім жүлделі орын алса, 2 облыстан 2,3 орын жеңіп алды. 2018-2019 оқу жылы аудандық сайыстан 5 мұғалім жүлделі орын алды, а 2019-2020 оқу жылы (коронавирустық жағдайдың әсерінен) сырттай қашықтан қатысып, 5 мұғалім аудандық сайыстан орын иеленді. 2020-2021 оқу жылы 1 мұғалім ғана қатысып 3- орын алды. Биылғы 2021-2022 оқу жылы «Шеберлік палитрасы» бағытының физика –математикалық бағытындағы пәндер бойынша математика мұғалімі Шайкенова М.К. қатысып ауданда 2-орын, облыста 1-орын жеңіп, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ботабаева Г.М. ауданда 1- орын, ал облыста 3-орын иеленсе, қолданбалы цикл бойынша көркем еңбек пәні мұғалімі Смагулова Ш.А. ауданда 1- орын, ал облыста 3-орын иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Кадыкешова А.Д. «Сабақ аяқталған соң...» бағыты бойынша қатысып ауданда 3- орын алды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің «Шығармашыл толқын» бағытына Рахимжанова Н.К. қаатысты.